Түркістан
EN

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басшысымен кездесті

8
29.04.2025

 «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының төрағасы Түркістанға келді. Ондағы мақсат - өңірді дамытуға қолдау білдіріп, бірлескен жобаларды жүзеге асыру. Сондай ақ, әріптестік жолдарын нығайту. Кездесу барысында Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен инфрақұрылымын кезең-кезеңімен ұлғайту мәселесі де сөз болды. Облыс аумағында  «Казатомөнеркәсіп»  АҚ-на қарасты 12 компания жұмыс істейді. Олардың 10-ы уран өндірумен айналысады. Жиында облыс әкімі уран өндіруші бірлескен кәсіпорындарының бас кеңселерін Шымкент қаласынан Түркістанға көшіру мәселесін де қарастыру жөнінде ұсынысын жеткізді.