Абай облысында құм сатып, пайда тапқан екі кәсіпкер істі болды. Олар бұл заңсыз іспен 2023 жылдың қыркүйегі мен 2024 жылдың қазаны аралығында Семей қаласы аумағында айналысқан. Сүйтіп мемлекетке 272 млн теңге көлемінде залал келтірген. Күдіктілер бас-аяғы 68 мың тоннадан астам құм өндіріп, қылмыстық жолмен 150 млн теңгеден астам табыс тапқан. Қаржылық мониторинг агенттігі олар құмды жалған лицензия арқылы құрылыс материалдарын өндіруші зауыттарға өткізгенін анықтады. Іс Прокуратураға жолданды.