Түркістан
EN

Шерзат Полаттың ісі: Прокурор куәгердің жауабына күмән келтірді

117
28.04.2025

Талдықорғанда Шерзат Полаттың ісіне қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін отырыста куәгер Эльмира Нұрбекованың жауабы тыңдалды. Прокурор Ержан Құрақбаев куәгердің сот залында берген жауабы мен беттестіру хаттамасындағы бейнежазбада қарама-қайшылық бар екендігін анықтады. Сондықтан Нұрбекованың тергеу кезіндегі айтқаны қайта тыңдалып, 4 бейнежазба көрсетілді. Бірінші хаттамада ол сотталушы Абзал Шынасылдың қолынан пышақ көргенін айтқан. Ал бүгін ештеңе көрмедім деп жауап берді. Айта кетсем, қоғамды дүр сілкіндірген бұл істі Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарап жатыр.