Түркістан
EN

100 гектар жерге туристік нысандар салынады

147
25.04.2025

Түлкібас ауданы, Иірсу ауылындағы 100 гектар жер туристік аумаққа айналады. Тау бөктеріне мәдени-спорттық нысандар, қонақ үй, мейрамханаларды салу жоспарланып отыр. Бұл жайында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің түлкібастықтармен өткен кездесуінде белгілі болды. Дегенмен, аймақ басшысы құрылысқа қатаң бақылау жүргізуді тапсырды. Жергілікті атқамінерлерге бас жоспарды дұрыс бекітуді жүктеді.