Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Тепличное ауылындағы бөгет шұғыл түрде нығайтылып жатыр. Әскерилер, атқарушы орган қызметшілері, түрлі компаниялардың жұмысшылары келіп, қаптарға құм тиеуде. Төтенше жағдай департаменті әзірге үйлерді су басу қаупі жоқ екенін, бөгетті нығайту – сақтық шарасы екенін жеткізді. Эвакуация жүргізілген жоқ. Қазір су тасқынының үшінші толқыны жүріп жатыр. Бұған дейін мұндай құбылыс болмаған дейді мамандар.