Түркістан
EN

Әлеуметтік мәселелер ашық диалог алаңында қаралды

91
25.04.2025

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев тұрғындармен жеке қабылдау өткізді. Онда азаматтар мектепке атау беру, білім беру ұйымдарындағы еңбек дауы, жекеменшік балабақшаларда бала санын көбейту және қаржыландыру жайы сөз болды. Сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау сынды проблемалар талқыланды. Сауалдарды мұқият тыңдаған Бейсен Дәулетұлы жауапты басқармалардың басшылығына мәселелерді шешуді тапсырды.