Сайрам ауданында жаңа шағын аудан пайда болады. Ол өңірдегі Қарасу ауылында салынады. Бұл жайында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің сайрамдықтармен кездесуінде белгілі болды. Жаңа шағынауданда әкімшілік ғимараттар, 600 орындық Жайлы мектеп, көпқабатты 47 тұрғын үй бой көтереді. Ондағы 2800-ден аса пәтер баспана кезегінде тұрған азаматтарға беріледі.