Түркістан
EN

Қазақстан машина жасаушылары форумы өтті

85
24.04.2025

Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі машина жасау саласы дамып келеді. Соңғы бес жылда 13-тен 19 пайызға дейін өсім бар. Былтыр өндіріс көлемі 4,6 триллион теңгеге жеткен. Соның ішінде машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 10%-ға өсті. Осы жылдың I тоқсанында аталған көрсеткіш 17%-дан асып отыр. Бұл туралы Қазақстан машина жасаушыларының XII форумында айтылды. Пленарлық отырысқа Премьер-министр Олжас Бектенов қатысып, кәсіпорындарды қолдау, локализациялауды тереңдету мәселелері кеңінен талқыланды.