Ақпараттық кеңістікте бірлік пен келісім идеяларын насихаттау, этносаралық қатынас мәселесін саясат құралына айналдырмау, Наурыз мейрамын кеңінен дәріптеу, Қазақстан этностары театрларының фестивалін өткізу. Бұл - Қазақстан халқы Ассамблеясының 34-ші сессиясында айтылған мәселелердің бір парасы ғана. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаветың қатысуымен өткен жиында ұйымның 30 жылда жеткен жетістіктері сараланып, алға қойған мақсат-міндеттері айқындалды.