Түркістан
EN

Түркістан облысындағы асфальт-бетон зауыттарының басым бөлігі талапқа сай емес

76
24.04.2025

Түркістан облысындағы асфальт – бетон зауыттарының басым бөлігі талапқа сай емес. Олқылықты Ұлттық сапа орталығы анықтады. Мамандар, 30-ға жуық асфальт-бетон зауытының жұмысын тексерген. Нәтижесінде, бесеуі мүлде істемей тұрғаны анықталды. Ал, 24-нің құжаттары талапқа сай еместігі белгілі болды. Негізінен зауыттардың жұмысы белгілі бір тәртіпке негізделуі тиіс. Ал асфальтты жолға тексеру барысындағы технологиялық процестердің сақталуы сапаға тікелей әсер етеді. Әзірге мұндай талапқа бір ғана зауыт сай келіп тұр. Ал өзгелеріне мониторинг жүргізу жалғасып жатыр.