Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек Руслан Берденовке жасалған қарулы шабуылға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша оқиға кезінде қала әкімі мен орынбасарлары және аппарат басшысы жұмыста болған. Полиция да, жедел жәрдем де дер кезінде келіп, Берденовті ауруханаға жеткізген. Құранбек сол түні сағат екі жарымға дейін ауруханада болғандарын айтып отыр. Шенеунік әріптесіне жасалған қарулы шабуылға қатысты БАҚ өкілдерінің сауалдарына өңірлік коммуникациялар қызметінде жауап берді.