Мемлекет басшысының бастамасымен өткен жылдан бері «Таза Қазақстан» акциясы қолға алынған. Бұл жалпыұлттық шараға 6 миллионнан астам адам қатысып, 1,6 миллион тоннадан көп қоқыс жиналды, 3,3 миллионнан аса ағаш көшеті отырғызылды. Акция биыл да жалғасады. Президент еліміздегі барлық этномәдени бірлестіктерді осы іске белсене қатысуға шақырды. Өйткені, «Қазақстан — бәріміздің ортақ үйіміз», сондықтан ол таза, көрікті, мәдениетті болуы керек деді Мемлекет басшысы бүгінгі сессияда.