Түркістан
EN

Президент: Елімізде азаматтар бір-бірін "мына тілде сөйле" деп мәжбүрлемеуге тиіс

74
24.04.2025

Тіл мәселесін ту етіп қоғамда алауыздық туғызғысы келетін, ел ішіндегі жағдайды шиеленістіруге ұмтылатын әрбір әрекетке тосқауыл қойылып, заң жүзінде жазаланады. Қазақстан халқы Ассамблеясының 34-ші сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Сондай-ақ Президент елімізде азаматтар бір-бірін немесе мінберде сөйлеп тұрған адамды «мына тілде сөйле» деп мәжбүрлемеуге тиіс екендігін қадап айтты.