Қостанайда микроқаржы ұйымы тұрғындарға тиімсіз шартпен 100 млн теңгеден астам қаражатты қарызға берген. Күдікті бұл әрекетті 2020 жылдан бастап тиісті лицензиясыз пайызбен және мүлік кепілдігімен әлеуметтік желі мене жарнама беру алаңдарында жүзеге асырып келген. Келісімшарт жасасу кезінде қарыз сомасын шын мәніндегі сомадан әлдеқайда көп етіп көрсеткен. Себебі бұл сомаға жылдық 100%-ға дейінгі алдын ала есептелген сыйақылар енгізілген.