Түркістан мен Кентау арасындағы жолды 2 жолақтан 4 жолаққа дейін кеңейту жоспары қарастырылып жатыр. Қазір осы бағыттағы көлік ағыны есептеліп, жолды кеңейтудің қаншалықты қажет және тиімді екені анықталуда. Жоба жүзеге асса, шығынның бір бөлігін республикалық бюджет өтейді. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Мәжіліс депутатының сауалына жолдаған жауапта айтқан. Дегенмен вице-премьер алдымен басқа маңызды жобаларды аяқтау қажет екенін жеткізді. Айта кету керек, жыл басынан бері бұл тар жолда бірнеше жол апаты болып, адам шығыны болған еді. Жолдың кеңейтілуі көлік қозғалысын жеңілдетіп, қауіпсіздікті арттыруға көмектеспек.