Түркістан
EN

Түркістан облысында 100-ден астам суару каналы жөнделеді

8
24.04.2025

Түркістан облысында 100-ден астам суару каналы жөнделеді. Бұл туралы қоғамдық қабылдау өткізген су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді. Сондай-ақ министр онлайн форматта  халықты толғандыратын сұрақтарға жауап берді.Түркістан облысы, Отырар ауданының тұрғындары 33 шақырымды құрайтын Алтынбеков каналын бетондау және «Қазсушар» өндірістік учаскесіне техника бөлу мәселесін көтерді. Ведмоства басшысы күзде Исламдаму банкінің қолдауымен арнаны және өңірдегі басқа да су шаруашылығы орындарын жаңарту басталатынын айтты.