Кітапқұмарлардың төл мерекесін кентаулықтар да үлкен ынтамен атап өтті. Орталық саябақта кітапхана қызметкерлері мен оқырмандар жиылып, өзара жаңа кітаптар алмасты. Айта кетейік, Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 10 кітапхана бар. Ол жерде халыққа 22 кітапханашы қызмет көрсетеді. Ал елімізде 3 920 көпшілікке қолжетімді кітапхана жұмыс істейді.