Түркістан
EN

Үкіметте газ саласын дамыту мәселесі қаралды

97
23.04.2025

Елімізде газ саласын дамыту және цифрландыруды енгізу жоспарланып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды. Жалпы 2024 жылы елімізде газ өндіру 59 млрд текше метрді құрап, көгілдір отынмен қамту деңгейі 62,4%-ға жеткен. Ал 2030 жылға дейін бұл көрсеткішті 65%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Ал, тауарлық газ өндірісі 28,7 млрд текше метрді құрайды. Бұл көрсеткіштерді ұлғайту үшін жаңа зауыттарды салу жобалары жасалып жатыр. Цифрлық шешімдерді енгізу арқылы елдегі газбен қамту және шығынды азайту мәселелері шешімін таппақ.