Ақтөбе облысының прокуратурасы аймақтағы аудандық ауруханалардың қызметін тексеру барысында қаржылық және медициналық есебіндегі бұзушылықтарды анықтады. Қобда ауданында заңсыз төленген бюджет қаражаты 80 млн астам теңгеге жеткен. Олар қызметтерді қайталау және көрсетілмеген қызметтер үшін емдеу және диагностикалық қызметтер санын арттырған. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша бұзушылықтар жойылып, бюджет қаражаты қайтарылды. Лауазымды тұлғалар тәртіптік және әкімшілік жауапқа тартылды.