Қазақстан Түрікменстанның Галканыш кен орнын игеру жұмыстарына қатысады. Түркістан қаласында өткен бейресми кездесу кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов осы мәселеге мән берді. Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы жүк тасымалының көлемін арттыру, ІТ саласындағы ынтымақтастық мәселесін де қозғады.