Түркістан
EN

Ауыл шаруашылығы жерлері жылдан-жылға құнарсызданып барады

130
22.04.2025

Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерлерінің 75 пайызы тозу қаупінде тұр. Ғалымдар осылай деп дабыл қақты. БҰҰ дерегіне сәйкес, бұл аумақтар шөлейттену, тұздану, эрозия сияқты деградация түрлеріне ұшыраған. Жерді зерттеу мемлекеттік институтының мәліметінше, соңғы жылдары топырақ құнарлылығы 17 пайызға төмендеген. Бұл ауыл шаруашылығы өнімділігінің азаюына әсер етіп отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі 2030 жылға қарай топырақтың құнарлылығын 50 пайызға арттыруды көздейтін жүйелі шаралар әзірленген.