Түркістан
EN

Президент жазушы Әкім Таразидің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты

120
22.04.2025

Қазақ әдебиетінің тағы бір алып бәйтерегі құлады. Қазақстанның Еңбек Ері, жазушы Әкім Тарази дүниеден өтті.  Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, драматургтың қайтыс болуына байланысты оның жұбайы Роза Мұқанова мен балаларына көңіл айтты. Айта кетейік Әкім Тарази 1933 жылы 9 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. 91 жасында дүниеден өткен ол еліміздегі түрлі БАҚ саласында қызмет еткен. Одан бөлек оның сценарийлері бойынша түсірілген "Тұлпардың ізі", "Арман – атаман", "Қараш-Қараш оқиғасы", "Мұстафа Шоқай", "Қызжылаған" фильмдері қазақ киносының алтын қорына енді. Жазушының бірқатар дүниелері орыс, қытай, поляк, болгар, ағылшын тілдеріне аударылған.