Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов есін жиды. Алайда ақ халаттылар оның жағдайын әлі де тұрақты ауыр деп бағалап отыр. Еске салсақ, өткен түнде қалалық әкімдік ғимаратының алдында оған 3 рет оқ атылған еді. Әкімнің орынбасары жедел түрде ауруханаға жеткізіліп, оған 4 сағат бойы ота жасалған.