Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу жұмыстар жалғасып жатыр. Өңірде 1 700 гектардан тұратын 14 индустриалды аймақ орналасқан. Сондағы өндіріс орындарының бірінде жиһаз фабрикасы жұмыс істеп тұр. Онда жасаған жиһаздар еліміздің түкпір-түкпіріне жіберіледі. Зауыттың тыныс тіршілігімен әріптесім Бекболат Тілеуберген танысып қайтты.