Елімізде жыл соңына дейін жалпы сыйымдылығы 180 млн текше метр болатын су қоймаларын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Соның бірі – Түркістан облысындағы «Бәйдібек ата» және «ҚараҚуыс» су қоймалары. Сондай-ақ, Қапшағай су айдынын да қайта жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың тұжырымдамасына сәйкес, 2030 жылға дейін Қазақстанда тағы 42 су қоймасы салынбақ. Бұл көктемгі тасқындарға қарсы тиімді күрес жүргізуге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларында қолдану үшін қар суын молырақ жинауға мүмкіндік береді.