Түркістан
EN

Зейнолла Сәнік экспедициясы келді

110
21.04.2025

ЗКТ «Ұлттық құндылық Қазақ этнографиясы және Зейнолла Сәнік – 90 жыл» республикалық экспедициясы Түркістан қаласына тұрақтады. Зиялы қауымның қатысуымен өткен шарада қазақ тарихы мен этнографиясының мәселелері талқыланды. Шара мақсаты - Президенттің Ұлттық құрылтайдағы «Ұлттық құндылықтарды» насихаттау бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Сондай-ақ Экспедиция Қазақстан жазушылар одағы мен Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қоры ұйытқы болуымен өтіп жатыр. Ұйымдастырушылар жазушының еңбектері мен ел білмейтін қырларын таныту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр дейді.