Түркістандық шаруа қойдың ерекше тұқымын көбейтуді қолға алған. Қазір оның шаруашылығындағы шопан ата түлігінің бағасы 100 мың теңгеден басталады. Тіпті арасында 1 млн тұратын асыл тұқымды қой түрлері де бар. Жалпы, оңтүстік аймақ мал шаруашылығын дамытуға қолайлы өңір саналады. Бір жағынан жайылымдық жер де жеткілікті. Осындай мүмкіндікті жергілікті шаруалар да тиімді қолданып келеді.