Түркістан
EN

Президент Кендірлі курорты аумағындағы әуежай құрылысын тезірек аяқтауды тапсырды

82
18.04.2025

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды. Қасым Жомарт Тоқаев бірнеше маңызды нысандарға барып, іске асып жатқан тың жобалармен танысты. Президентке өңірдегі көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту перспективасы, соның ішінде еліміздің транзиттік әлеуетін кеңейту жөнінде баяндалды. Мемлекет басшысы Кендірлі курорты аумағындағы әуежай құрылысын тезірек аяқтауды тапсырды. Президенттің айтуынша, Қазақстанды Еуразияның көлік-логистика хабына айналдыру жолында Маңғыстаудың алатын орны ерекше. Сондықтан оның әлеуетін тиімді пайдалану қажет. Өйткені бұл міндеттің стратегиялық маңызы зор.