Шомылу маусымы басталмай жатыр 16 суға кеткен

24
18.04.2025 14:27

Түркістан облысында шомылу маусымы басталмай жатып, жыл басынан бері 16 адам суға кеткен. Оның алтауы бала. Ал, екеуі Өзбекстан азаматы.  Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Оразкелді Дүйсен мәлімдеді. Айтуынша, өңірдегі су айдындарындағы қауіпсіздік -өзекті мәселе.  Айталық, былтыр өңірде 60 адам суға кетіп, қаза болған. Төтеншеліктер  мұндай оқыс оқиғаның алдын алу мақсатында қажетті  жұмыстар  жүргізілетінін жеткізді.