Түркістан
EN

Мал бордақылаудың өзгеше тәсілін ойлап тапқан

87
18.04.2025

 Қазығұрттық шаруа мал бордақылаудың өзгеше тәсілін ойлап тапқан. Қызығы, қорасындағы өгіздердің  жартысы арқандаулы болса, қалғаны бос жүр.  Мұның да өз есебі бар. Бұқалардың көпшілігі Оралдан әкелінген,  асыл тұқымды. Қорада тұрғандарына 6 ай болыпты. «Әр малдың мінезіне  сай күтім де өзгеше болуы керек» - дейді шаруа. Кәсіпкер «Малдың тілін таба білсең, ол да сені асырайды» - деген қағиданы берік ұстанған. Содан болса керек, бір ірі қарадан 300 келі таза  ет алған кезі болыпты. Ең қызығы – ет байлаудың бұдан бөлек  құпиясы бар екен.