Түркістанда өсірілген ақ алтын енді өңірде терең өңделіп, дайын бұйымға айналмақ. Өйткені облыста мақта-тоқыма кластері дамып келеді. Бұл заманауи су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, жоғары стандартты шикізат базасын қалыптастыруға ықпал етпек. Отырар ауданында қолға алынған жоба «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» деп аталады. Бірегей жобаның мүмкіншілігі қандай? Қанша адамды жұмыспен қамтуға қауқарлы? Осы және өзге де сауалдарға тілшіміз жауап іздеп көрді.