Премьер-министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты. Қордай ауданындағы индустриялық сауда-логистикалық кешенін аралады. Бұл жоба екі елдің тауар айналымын 3 млрд долларға дейін ұлғайту жоспары аясында жүзеге асырылуда. Сондай-ақ облыста сүт, ет, жидек және көкөніс, тоқыма, фармацевтика және басқа да өнімдер өндірісінде кооперациялық жобалар үшін инфрақұрылым жасалып жатыр. «Жобаға жәрдемдесу үшін инженерлік инфрақұрылым мәселелерін мүмкіндігінше қысқа мерзімде шешу қажет», - деді Олжас Бектенов. Айта кетейік, Жамбыл облысында былтыр 2,2 трлн теңгеге өнім шығарылған. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 188 млрд теңгеге жетсе, оның 122 млрд теңгесі өңдеу саласына тиесілі.