Түркі тарланы мен Бегім сұлуы анықталды. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде дәстүрлі байқау өтті. Ақылы мен көркі, өнері мен тәрбиесі үйлескен студенттер бақ сынаған сайыста топ жарғандарға Катарға жолдама берілді. Сонымен биылғы жеңімпаздар кімдер? Олар қандай өнерімен көпшілікті тәнті етті? Тілші репортажынан білейік.