Бұрын алма гүлдеген бақ, енді қып-қызыл құлпынаймен көмкерілмек. Қазығұрттық тұрғын үйінің 15 соттық ауласын құлпынай алқабына айналдырған. Былтыр тамызда егілген көшеттер қазірдің өзінде көктем тынысын сезіп, түйнек сала бастаған. Алғашқы өнімді мамыр айында жинауға кіріспек. Бұл арқылы шаруа отандық нарыққа сапалы, табиғи құлпынай ұсынуды көздейді. Ол аз десеңіз, бағбан бір жылда екі рет өнім алуға бел буып отыр. «Құлпынайдың – күтімі көп болғанымен, нәтижесі соған сай», – дейді ол. Еңбекқор әйел қалауын тапсаң, ауылда да үлкен мүмкіндік бар екенін айтады.