Үкімет басшысы Олжас Бектенов CITIC Construction компаниясының төрағасы Ян Цзяньцянмен кездесті. Кездесу барысында ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мәселелесі талқыланды. Сондай-ақ кездесуда 768 шақырымдық «Талдықорған – Өскемен» және 363 шақырым «Қарағанды – Балқаш» автожолдарын реконструкциялау жайы да сөз болды. Премьер-министр құрылыстың сапалы әрі уақтылы жүргізілуін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтіп, өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін жеткізді. Өз кезегінде Ян Цзяньцян агроөнеркәсіп секторындағы ынтымақтастықты кеңейтіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге қызығушылық білдірді.