Киелі шаһарда сегіз елден келген суретшілер бас қосты. Түркістанға ерекше мәртебе беруіне орай ұйымдастырылған “TURKISTAN STYLE” халықаралық суретшілер симпозиумы өз мәресіне жетіп, қорытынды көрмесі өтті. Қылқалам шеберлері бірнеше күн бойы шаһардың көріністерін қағаз бетіне түсіріп, көрмеде көпшілік назарына ұсынды. Солардың бірі — Ресейлік суретші Андрей Блиок. Ол небәрі бес күннің ішінде төрт бірдей картина салған.