Алматы облысындағы жекеменшік балабақшалардың бірінде балалар шатырға шығып кеткен. Әлеуметтік желіде тараған видеода екі кішкентай қыздың терезенің торынан өтіп, ғимараттың үстінде отырғанын көруге болады. Оларды қараусыз қалдырғаны үшін балабақша меңгерушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін терезелерге қорғаныс торлары мен арнайы бұғаттағыштар орнатылды. Қауіпсіздік талаптарын сақтамаған қызметкер жұмысынан шығарылды.