Түркістан
EN

Астанадағы заңсыз майнинг: 900 миллион теңгеден астам мүлік тәркіленді

75
16.04.2025

 Заңсыз майнингпен айналысқан 3 қазақстандықтан 900 миллион теңгеден астам мүлік тәркіленді. Олар Астанада 2022 жылдан 2024 жылдар арасында майнинг фермасын қозғалтқыштарды өңдеу орталығы ретінде жасырып келген. Олар бір мегаполистің ауданы бір айда тұтынатын электр энергиясын пайдаланып келген. Пысықай кәсіпкерлердің заңсыз жолмен алынған цифрлық активтер эквиваленті 143 млн теңгеден асады.