Түркістан
EN

Президент экономика мәселелеріне қатысты Қауіпсіздік Кеңесінің жұмыс отырысын өткізді

71
16.04.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің жұмыс отырысы өтті. Жиында тарифтік қақтығыстар салдарынан әлемдік нарықтағы жағдайдың өзгеруіне байланысты еліміздің іс-қимыл жоспары талқыланды. Президент қазіргі жаһандық экономикадағы ахуалдың тұрақсыз сипат ала бастағанын, сондықтан кез келген жағдайға дайын болу қажет екенін айтып, алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын айқындады. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің міндеті – халықтың әл-ауқатын, экономикалық өсім қарқынын және тартылатын инвестиция көлемін төмендетуге жол бермеу екенін атап өтті.