Алматыдағы қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздікке қатысқан екі шетел азаматы ұсталды. Олар қарусыз күзет қызметкерлерін аяусыз соққыға жығып, қала әкімдігін басып алғандардың қатарында болған. Өз ойларын жүзеге асыру үшін полиция қызметкерлерінен тартып алған дубинкалар мен қалқандарды пайдаланған.