Түркістан
EN

Түркістанда Назарбаев зияткерлік мектебі ашылады

187
22.04.2022

Түркістанда дарынды балаларға арналған Назарбаев зияткерлік мектебі салынып жатыр. Жаңа нысан әкімшілік іскерлік орталықта бой көтереді. Жалпы, 12 га аумақта 3 қабатты ғимарат салынады. Мектепті салуға 300 жұмысшы жұмылдырылған. Мердігер компанияның айтуынша, қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 50 пайызға жуығы аяқталған. Білім ошағы 720 балаға лайықталған. Оқушылар 7 сыныптан бастап емтихан тапсыру арқылы қабылданады. Іріктеуден өткендер Елбасының «Өркен» гранты негізінде ақысыз білім алады. Мұнда аймақтардан келген білім алушыларға 120 орынды жатақхана пайдалануға беріледі. Құрылыс жұмыстары қазан айында аяқталады деп жоспарланған.