Түркістан облысында жол белгілері жаңартылып жатыр. Өңірлерде«Абайлаңыз, балалар!» дейтін арнайы жол белгісі орнатылды. Сонымен қатар 8 жаяу жүргінші жолағы мен 20 мектеп жаны жарықтандырылды. Осылайша «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жол қозғалысына қауіп төндіретін кемшіліктер жойылды. Бейбіт күнде жол бойында болатын апаттардың алдын алып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса бермек.