Түркістан облысындағы Құсшы ата ауылында жолдың бергі беті Кентау қаласына қарайтын болса, арғы беті — Сауран ауданының еншісінде. Екі ауданның ортасын бөгеп тұрған ені екі жолақты жол демесеңіз, тұрғындар бір ауылдың адамындай болып кеткен. Бұл жайында бүгін Түркістан облысы әкімінің Кентау тұрғындарымен кездесуінде айтылды.