Түркістан
EN

Ана мен бала өлімі азайды

54
16.04.2025

Елімізде ана мен нәресте өлімі азайды. Жаңа медициналық технологияларды енгізу неонаталды өлім-жітімді 19%-ға төмендетуге ықпал еткен.  Сондай-ақ соңғы 10 жылда нәрестелердің шетінеп кетуі 6,7%-ға ал ана өлімі 11,4%-ға кеміді. Сәбилердегі туа біткен ақауларды ерте анықтау үлесі де 10%-ға артқан. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты.