Түркістан облысы Бәйдібек ауданының білім бөлімі аяқталмаған құрылыс жұмысына 5 млн теңге аударған. Нақтырақ айтқанда, Сарқырама ауылында орналасқан мектепте жөндеу жұмыстары жүргізілуі тиіс болған. Алайда, бөлінген қаржыны қалтаға басқан мердігер қызметін орындамаған. Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында осы мәселе қаралды. Нәтижесінде, Бәйдібек ауданының білім бөлімінің басшысына тәртіптік шара қолданылатын болды.