Түркістан
EN

Павлодар мен Абай облыстары өртті жасырып отырған

83
15.04.2025

 Павлодар және Абай облыстарында орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері өртке қарсы шұғыл қимылдауы былай тұрсын, тиісті министрліктерге өрттің шыққаны туралы уақытылы хабар бермеген. Үкімет отырысында Премьер-министр осылай деп кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырды. Олжас Бектенов төтенше жағдай кезінде тиісті алгоритмнің орындалмағанын айтты. Сондай-ақ әкімдіктерге өрт сөндіру кезінде жедел әрекет етіп, өзара іс-қимыл бойынша жаңа алгоритм енгізуді тапсырды. Бұдан бөлек, Үкімет басшысы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне өртті ерте анықтау жүйелерімен қамту ауқымын ұлғайту мен мекемелерді жарақтандыруды жалғастыру міндетін жүктеді.