5 мыңнан астам сауда нүктесін 4 жарым мың адам жалға алып күнелтіп отырған «Алтын орда» базары жабылады. Алайда вице-премьер және сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов бұл өзгеріс халыққа ұнамайтынын ашып айтты. Себебі жартылай күн-көрісті базардан тауып отырған қарапайым тұрғындар үшін қиынға соқпақ.