Олжас Бектенов Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

18
15.04.2025 12:38

Мемлекет қазынасына 610 млрд теңге актив қайтарылды.  Бұл туралы заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комиссияның отырысында белгілі болды. Оның 506 млрды қаражат, 103 млрд теңгенің активі мүлік күйінде қайтарылды. Мемлекеттік қордан еліміздегі 280-ге жуық әлеуметтік нысанды жөндеуден өткізуге қаражат бөлінді. Бұл қорға қайтарылған активтерден 150 млрд теңге құйылды. Сондай-ақ заңсыз активтерді иемденген тұлғаларға комиссия мүшелері сотқа талап-арыз беруді қолдады. Бұл тұлғаларда әлі шамамен 84 млрд теңгенің көлемінде активтер бар.