Шымкентте 7 жасар бала қоршалмаған құрылыс шұңқырына құлап кетіп, көз жұмды. Қайғылы жағдай 12 сәуір күні Тұран-1 шағынауданында болған. Тереңдігі 2 метрлік кәріз құдығы көпқабатты үйлерге арнап қазылғаны анықталды. Алайда, құрылыс жұмыстары аяқсыз қалған көрінеді. Уақыт өте ашық қалған шұңқыр лас суға толған. Бұған дейін тұрғындар жауаптыларға бұл аумақты қоршау туралы бірнеше рет өтініш жасадық деп отыр. Ал әкімдік бұл мәселе бойынша кәріз жүйесін жүргізген мекемеге ескерту хаттар берілгенін айтады. Алайда мердігер мекеме өзіне қатысты талаптарды орындамағаны үшін, сотқа талап арыз жолданған.