Түркістан
EN

Президент бітімгер сарбаздарды марапаттады

78
14.04.2025

Мемлекет басшысы Ұлттық бітімгерлік контингентінің сарбаздары мен офицерлерімен кездесті. Президент  Біріккен Ұлттар Ұйымының Голан жоталарындағы бітімгерлік миссиясындағы ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ әскери қызметшіні мемлекеттік наградалармен марапаттады. Қасым-Жомарт Кемелұлы елімізге жүктелген жауапты міндетті жоғары деңгейде атқарып келген әскерилер ерлік пен батылдықтың озық үлгісін көрсеткенін, сол арқылы Ұлттық армиямыздың, тұтас мемлекетіміздің беделі көтерілгенін атап өтті. Айта кетсем, қазір 158 қазақстандық әскери Африка мен Таяу Шығыстағы миссияларда қызмет етіп жатыр.